r/Qazaq

▲ 6 r/Qazaq

Біз ғылыми термин жасағанда басқа түркі халықтарымен бірігу керекпіз.

Қазір қазақшадағы ғылыми мақала масқара ғой. Түсініксіз, терминді былықтырып аудара саламыз әйтеуір. Орыстың жағдайы да оңып тұрған жоқ, бірақ олардан жаппай көшіруге мәзбіз.

Қазақша ғылым дамытайық десек, басқа түркі халықтарымен бірігу керек. Жалғыз жүрсек, 20 миллион халқымен дым да жасай алмаймыз.

Шамамыз жетсе, қазақшадағы 1920 жылдан бері жасалған өзгерістерді барлық жою керек. Сонымен, басқа түркі халықтарының лингвистерімен бірігіп стандартталған түркі халықтарына ортақ ғылыми термин жасау керек. Оған қоса, индустриалды революциядан кейін шыққан сөздер барлық ортақ етіп алған дұрыс.

Мысалы, system сөзін алсақ, қазақша жүйе дейд, өзбекшеде низам дейд, қырғызда система дейд. Бұл дұрыс емес, барлығымызда бір сөз болсын я түрбірлес сөз болсын.

Ғылыми терминді төл сөзбен жасаған дұрыс, бірақ орынды кірме сөзді де қолдайық. Сонда, ғылыми терминімізде 3 түрлі сөзден құралса тамаша болушы еді: төл сөздер, түрки тілінде қолданып келе жатқан парсы-араб сөздері, грек-латын терминдері (бірақ ағылшын тілі арқылы енгізу керек, ағылшынша оқытылуын алу керек, орысша емес)

Осылайша біздің ғылыми терминіміз осылай көрінеді. Мысалы:

Philosophy-палсапа

Physics-физикс

System-систым

Biology-баиолыжи

Map-харита

Geography-жағырапия

Mathematics-санбілім

reddit.com
u/Emotional_Order_4097 — 10 days ago